Ст. 48 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін, не соттың дәлелді қаулысы бойынша күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы босатады. 2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе күзетпен ұстау мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.
5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы




Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей