Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 48 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі

1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін, не соттың дәлелді қаулысы бойынша күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы босатады.  

2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.  

3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе күзетпен ұстау мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.  

4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.  

5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі. 

Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...46‑24 47 48 49 50 51

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии


Читать еще раз

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться