Ст. 80 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздері
1. Қызметкерлері мынадай негіздер бойынша:
1) еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және зейнетақыға құқық беретін қызметті өткерудің шекті жасына жетуі бойынша;
2) қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша;
3) денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде;
4) штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда;
5) өз қалауы бойынша;
6) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты;
7) келісімшартты бұзуға не келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;
8) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда;
9) аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша;
10) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы байқалған жағдайда;
11) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты;
12) қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін;
12-1) аумақтық құқық қорғау органының басшысы -
а) қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға;
б) бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына;
в) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін;
13) құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін;
14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;
15-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға жүгіну фактісі туралы жүгінген күні тікелей басшысына жазбаша нысанда хабарламағаны үшін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15-2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-2) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін;
16) осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн;
17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына және құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты;
18) құқық қорғау органының таратылуына байланысты;
19) қызметкердің бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауына байланысты жұмыстан шығарылады.
2. Мынадай әрекеттер, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында құқық қорғау қызметінің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде (құқық қорғау органына тиесілігі айналадағыларға анық белгілі) болуы; есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну; алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін медициналық куәландырудан бас тартуы; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым-қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.
2-1. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келген тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа алып келмесе; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу, қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде қызметте болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдануды тудыратын заттарды тұтынуы, қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған, қызмет мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуі жатады.
3. Қызметкерлерді жұмыстан шығарудың осы баптың 1-тармағының 12) – 16) тармақшаларында көзделген негіздері теріс себептер деп танылады.
Қызметкер осы баптың 1-тармағының 9), 10), 12), 12-1), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда, қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруды тоқтата тұрмайды және жұмыстан шығару негіздерінің өзгеруіне алып келмейді.
Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей