Ст. 25 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
25-бап. Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын өндіріп алу (қайтару)
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не осыған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар заңсыз алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюымен заңда белгіленген мерзімдерде сотқа жүгінеді.
3. Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.
4. Тапсырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Сәлеметсіздерме. Ұлыма апайы ұрсыпты сабақ үстінде, бала ашуланып өз өзін боқтапты, апайы мені боқтады деп үстінен арыз жазды. Айыппұл салынып отыр маған, бұл заңда автоматты түрде айыппұл салынады дейді, 1ші рет болған жағдай бұл, неге ескерту беріп, балаға заңды неге түсіндірмейді, 6сынып оқитын бала не біледі заң туралы, мектепте құқық сабағын ертеден бастауы керек деп ойлаймын, оқушы сонда біліп жүреді,мен тәрбие беріп жатырмын, анау болмайды, мынау болмайды деп, бірақ мектепте де тәрбие сабағын өту керек!
здравствуйте, что грозит за несоблюдение субординации и угрозы жизни на работе
Добрый день! По поводу сотрудничества куда можно обратиться или написать?
Құқығы жоқ. Тек 50 пайызын ұстай алады. Немесе мүлде ұстамайтын қылуға болады. 87752784059
А для личного использования электронных сигарет и жидкостей для них через таможню пропустят или нет
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей