Ст. 35 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ
Өсімдіктер дүниесі туралы
35-бап. Жасыл екпелермен жұмыс істеу
1. Жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жасыл екпелер жасауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын учаскелерде өз қаражаты есебінен жасыл екпелер жасауға құқылы.
2. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар өз учаскелерінде жасыл екпелерді күтіп-баптауды және қорғауды қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті атқарушы органдардың жасыл екпелер алып жатқан аумақтарда, оның ішінде саябақтарда, скверлерде, бульварларда, ұйымдардың санитариялық-қорғаныш аймақтарында және өзге де өнеркәсіптік объектілерде құрылыс салу немесе оларды реконструкциялау туралы шешімдер қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және қоғамдық тыңдауларды міндетті түрде өткізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Жасыл екпелерді қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдар:
түгендеу және фитопатологиялық зерттеп-қарау жүргізуге;
жасыл екпелерді есепке алуды және тізілімін жүргізуге;
құжаттаманы, оның ішінде елді мекен аумақтарын көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспарларын жүргізуге;
дендрологиялық жоспарды (көгалдандыру жоспарын) әзірлеуге және бекітуге;
жасыл екпелер жай-күйінің мониторингіне цифрландыру жүргізуге міндетті.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей