< Өсімдіктер дүниесі туралы

Ст. 36 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Өсімдіктер дүниесі туралы
36-бап. Өтемдік отырғызулар

1. Жасыл екпелерді жойылған (кесілген) учаскеде не дендрологиялық жоспарда (көгалдандыру жоспарында) айқындалған учаскелерде отырғызу өтемдік отырғызулар болып табылады. 

Өтемдік отырғызулар өз мүдделері үшін жасыл екпелерді жоюды (кесуді) жасаған не кінәсінен осы екпелердің бүлінуі немесе құрып кетуі орын алған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Өз мүдделері үшін жасыл екпелерді жоюды (кесуді) жасаған не кінәсінен осы екпелердің бүлінуі немесе құрып кетуі орын алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар өтемдік екпелерге: 

ағаштар мен бұталарға: қылқан жапырақты тұқымдастарға – үш жыл бойы, жапырақты тұқымдастарға – екі жыл бойы; 

шөптесін өсімдіктерге – бір жылдың вегетациялық маусымы ішінде күтім жасауды қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Өтемдік отырғызулар мынадай мөлшерде: 

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның рұқсаты бойынша жасыл екпелер кесілген, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы ғимараттарға, құрылысжайларға іргелес аумақта олар қурап қалған кезде – он еселенген мөлшерде; 

2) жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) кезде не олардың қурап қалуына алып келген бүлінуі кезінде – елу еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.  

Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың қурап қалуына алып келген бүлінген жағдайда өтемдік отырғызулар бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады. 

3. Өтемдік отырғызу осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген күтім жасау мерзімі өткенге дейін қурап қалған жағдайда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жасыл екпелерді қайта отырғызуды және оларға күтім жасауды жүзеге асыруға міндетті. 

12-тарау. ЖЕРДІҢ ЖӘНЕ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ӨСЕТІН ӨСІМДІКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...58
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться