< Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы

Ст. 7-1 Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы
7-1-бап. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарлама

1. Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, діни бірлестік ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді. 

2. Хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында тіркелген күн хабарлама берілген күн болып табылады. 

3. Хабарламада мыналар көрсетіледі: 

1) мақсаты; 

2) діни бірлестіктің – ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды ұйымдастырушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, діни бірлестіктің тұрған жері, діни бірлестік басшысының немесе өкілдерінің байланыс деректері; 

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келетін ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар немесе қозғалыс маршруттары; 

4) жоспарланатын күні, басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжамды саны; 

5) дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, автомобиль көлігі құралдарын пайдалану ниеті, олардың жалпы саны мен қозғалыс маршруты;  

6) хабарлама берілген күн. 

4. Хабарламаға діни бірлестіктің басшысы қол қояды. 

5. Діни бірлестік осы баптың 1-тармағында белгіленген хабарлама жіберу мерзімдерін бұзған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы хабарлама тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге хабарламаны қараусыз қалдыру туралы жауапты мынадай тәсілдердің бірімен: 

1) қолма-қол; 

2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында; 

3) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат арқылы; 

4) діни бірлестік хабарламада көрсеткен электрондық пошта мекенжайы бойынша; 

5) діни бірлестік хабарламада көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жібереді. 

6. Хабарлама осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге хабарламаның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге осы баптың 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен сәйкессіздік туралы шешім жібереді. 

7. Діни бірлестіктің сәйкессіздік туралы шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына пысықталған хабарламаны ұсынуға құқығы бар. 

8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізілгенге дейін күнтізбелік екі күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде хабарламаның осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда хабарламаның қайтарылғаны туралы жауапты жібереді. 

Хабарламаны қайтару туралы шешім негізделген және уәжді болуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкін. 

Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...6 7 7‑1 8 9 ...24
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день.

Прошу очень срочно! Обязан ли банк уведомлять УГД о закрытии счета физ.лица, открытого до регистрации клиента в органах РК/УГД в качестве Индивидуального предпринимателя?



Здравствуйте, 2 учителя, один принят на работу с середины декабря 2023 года, второй с февраля 2024 года, отпуск и лечебное пособие оплачивается? Спасибо!



В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться