< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Ст. 60 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
60-бап. Селолық тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу

1. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын селолық тұтыну кооперативiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Селолық тұтыну кооперативтерi қосылған жағдайда мемлекеттiк тiркеудi жаңадан пайда болатын селолық тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi. 

Селолық тұтыну кооперативтерi бiрiккен жағдайда мемлекеттiк тiркеудi бiрiгушi селолық тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi. 

Селолық тұтыну кооперативтерi бөлiнген, бөлiп шығарылған жағдайда мемлекеттiк тiркеудi қайта ұйымдастырылушы селолық тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi. Бұл тiркеушi орган жаңа селолық тұтыну кооперативтерiн мемлекеттiк тiркеу деректерiн жаңадан пайда болған селолық тұтыну кооперативтерi орналасқан жерден заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлайды. 

3. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын селолық тұтыну кооперативiн мемлекеттiк тiркеудi заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган кредит берушiлерге кооперативтi қайта ұйымдастыруды талап етiп арыз беру үшiн берiлген мерзiм өткен соң жүзеге асырады. Егер заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға селолық тұтыну кооперативтерiн қайта ұйымдастыруға қатысатын кредит берушiлер талаптарының көшiрмелерi келiп түссе, жаңадан пайда болатын селолық тұтыну кооперативi осы талаптардың орындалуына дәлелдемелер табыс етiлген не сол талаптарды қойған кредит берушiлердiң қайта ұйымдастыруға қарсылығы болмаған жағдайда тiркеледi. 

4. Егер жыл iшiнде, селолық тұтыну кооперативтерiн қайта ұйымдастыруға қатысушылардың соңғысының жалпы жиналысында (уәкiлдер жиналысында) қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап, мемлекеттiк тiркеу туралы арыз берiлмеген болса не қажеттi айғақтар табыс етiлмесе (осы баптың 3-тармағы), қайта ұйымдастыру жасалмаған болып есептеледi. 

5. Қосылу және бөлiніп шығу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысатын селолық тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған селолық тұтыну кооперативтерi мемлекеттік тіркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады.

Қосылатын селолық тұтыну кооперативі оның басқа селолық тұтыну кооперативіне қосылуы тiркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады.

 Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...58 59 60 61 62 ...73
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться