Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 62 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
62-бап. Қауымдастықтардың (одақтардың) құрылуы мен қызметiнiң негiзгi принциптерi

1. Селолық тұтыну кооперациясы жүйесiндегi қауымдастықтар (одақтар) ерiктi негiзде және, әдетте, аумақтық белгiсi бойынша құрылады. 

2. Қауымдастықтар (одақтар) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және жарғы мен құрылтай шартының негiзiнде жұмыс iстейдi. 

3. Қауымдастықтар (одақтар) өз мүшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады, сондай-ақ олардың жалпы мүлiктiк мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды. 

Қауымдастықтар (одақтар) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға құқылы. 

4. Қауымдастықтардың (одақтардың) мүшелерi дербестiгiн және заңды тұлға құқығын сақтайды. 

5. Қауымдастықтардың (одақтардың) мақсаттары мен мiндеттерiн бөлiсетiн басқа заңды тұлғалар да олардың мүшелерi бола алады. 

6. Қауымдастықтар (одақтар) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастықтардың (одақтардың) мүшелерi өз мiндеттемелерi бойынша құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiпте субсидиарлық жауапты болады. 

7. Қауымдастықтар (одақтар) өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiн мөлшерде ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады. Қауымдастықтардың (одақтардың) кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табыс шығындарды жабуға және қауымдастықтардың (одақтардың) жарғылық қызметiн жүзеге асыруға жұмсалады. 

8. Қауымдастықтар (одақтар) қауымдастықтың (одақтың) құрылтай шарты мен жарғысында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы. 

9. Қауымдастық (одақты) құру тәртiбi құрылтай шартымен белгiленедi. 

10. Қауымдастықты (одақты) құру туралы шешiмдi оның құрылтай жиналысы қабылдайды, ол қауымдастыққа (одаққа) кiру туралы арыздар негiзiнде оның мүшелерiнiң тiзiмi мен қауымдастықтың (одақтың) жарғысын бекiтедi. 

Құрылтай жиналысы қауымдастықтың (одақтың) органдарын:

1) қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органын - басқармасын; 

2) қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органының төрағасын; 

3) қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясын (ревизорын)
сайлайды. 

11. Қауымдастықтың (одақтың) жарғысында мыналар болуға тиiс:

1) қауымдастықтың (одақтың) атауы; 

2) қауымдастықтың (одақтың) орналасқан жерi; 

3) қауымдастық /одақ/ қызметiнiң мәнi мен мақсаты және оның өкiлеттiгi; 

4) қауымдастыққа (одаққа) кiру тәртiбi; 

5) қауымдастықтан (одақтан) шығу немесе шығарылу тәртiбi; 

6) қауымдастықтың (одақтың) органдарын сайлау тәртiбi, олардың
құрамы мен құзыретi; 

7) қауымдастықтың (одақтың) органдарының шешiмдер, оның ішінде бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен шешiмдер, қабылдау тәртiбi; 

8) қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 

9) қауымдастықтың (одақтың) мүлкiн қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi; 

10) қауымдастықтың (одақтың) филиалдары мен өкiлдiктерi туралы мәлiметтер; 

11) қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi; 

12) қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi бөлу тәртiбi; 

13) заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер. 

12. Қауымдастық (одақ) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркелген кезден бастап ол құрылды деп есептеледi. 

13. Қауымдастық (одақ) пен оның мүшелерi арасындағы өзара қатынастар жарғымен, құрылтай шартымен және келiсiмдермен белгiленедi.

 Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться