< Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы

Ст. 6 Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I, Закон утрачивает силу с 01.07.2023


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы
6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі

1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді. 

2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы – қайтыс болған айына қоса, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда кеткен айына қоса төленедi. 

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған жағдайда күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал бірінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе күтімді жүзеге асыратын адам басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда, кеткен айды қоса алғанда төленеді. 

3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.  

4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады. 

Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді. 

5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бiрге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленедi.  

6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедектігі бар адам тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді. 

7. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді. 

8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.01.19 N N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді), 2002.03.21 N 308 (01.01.2002 бастап күшіне енеді), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...9
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться