< Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы

Ст. 7 Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I, Закон утрачивает силу с 01.07.2023


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы
7-бап. Жәрдемақы мөлшері

Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді. 

Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді. 

Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады: 

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16,0 айлық есептік көрсеткіш; 

2) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 6,19 айлық есептік көрсеткіш; 

2-1) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш; 

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш; 

4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш; 

5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 4,48 айлық есептік көрсеткіш; 

6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш; 

7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың зайыбына (жұбайына) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш; 

8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға- 138,63 айлық есептік көрсеткіш; 

9) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш; 

10) алып тасталды – ҚР 06.05.2020 № 323-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10-1) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш; 

10-2) алып тасталды – ҚР 06.05.2020 № 323-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға – 2,13 айлық есептік көрсеткіш; 

12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш; 

13) "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 1,49 айлық есептік көрсеткіш; 

14) "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,64 айлық есептік көрсеткіш; 

15) Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,96 айлық есептік көрсеткіш; 

16) Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда: 

бірінші және екінші топтағыларға – 1,49 айлық есептік көрсеткіш; 

үшінші топтағыларға – 0,96 айлық есептік көрсеткіш; 

17) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

18) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш; 

20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш; 

21) күтімді жүзеге асыратын адамға – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі. 

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер


Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...5 6 7 8 8‑1 9
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться