< Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы

Ст. 17 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары

1. Арнайы экономикалық аймақ оның қатысушыларының стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының белгілі бір бөліміне сәйкес келетін басым қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады. 

Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін. 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде он бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін, инвестициялар туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқық режимінің жұмыс істеу мерзімі, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзіміне сақталады. 

2. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскелерінде құрылады.  

Арнайы экономикалық аймақтар азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскелерінде де құрылады. 

Арнайы экономикалық аймақтар осы баптың 3-2-тармағына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары сатып алған жер учаскелерінде де жұмыс істейді. 

3. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ қосалқы және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалдауға) беріледі.  

Басқарушы компания мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін: 

1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар негізінде басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт негізінде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға – өтеусіз негізде; 

2) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға өтеулі негізде береді. 

Қосалқы және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақ аумағының жиынтық алаңы арнайы экономикалық аймақ аумағының жалпы алаңының елу пайызынан аспауға тиіс. 

Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға беру үшін жер учаскелерін бөлуді жүзеге асырады. 

Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жер учаскесінің жобаны іске асыру үшін көзделген бір бөлігін онда айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бұл ретте осылайша резервке қойылған жер учаскелерін басқарушы компания тиісті шарт жасалған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның келісімінсіз өзге тұлғаларға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды, бұған осындай қатысушының немесе тұлғаның жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау жағдайлары кірмейді. 

Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері басқарушы компанияға мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін. 

Басқарушы компания кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) бере алады. 

3-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекетттік меншікке берілген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік әріптеске беру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарады. Осы бапқа сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын тоқтату үшін негіз болып табылады. 

3-2. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес сервитуттар ескеріле отырып, шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына меншікке берілуі мүмкін. 

Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін осындай учаскелер осы Заңның 16-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын аумақтағы жерлердің құрамынан шығарылуға жатады. 

4. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жер учаскелері бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.  

Инфрақұрылым объектілерін салуды немесе реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.  

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінде өздеріне берілген учаскелердің шекарасынан тыс жерде өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін өз қаражаты есебінен салуды, осындай құрылыс учаскелерін қозғайтын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен осындай құрылыс келісілген жағдайда жүзеге асыруға құқылы. 

5. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым және (немесе) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартына сәйкес басқарушы компанияға уақытша пайдалануға (жалға) бере алады. 

Басқарушы компания арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым және (немесе) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға уақытша кейінгі пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы. 

Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттары тиісінше арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарына сәйкес осындай арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзімнен аспайтын мерзімге жасалады. 

Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте жер учаскесінің меншік иесімен арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды. 

6. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жеке меншігіндегі жер учаскелеріне қолданылмайды. 

7. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде: 

1) мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтердің уақтылы және сапалы ұсынылуын; 

2) ұсынылатын мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін "бір терезе" қағидаты қолданылады. 

8. "Бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

"Бір терезе" қағидаты бойынша өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асыруы мүмкін. 

9. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру үшін қажет объектілерді салуды және пайдалануға енгізуді жүзеге асыруға тиіс мерзімдерді көрсету: 

1) қызметті жүзеге асыру туралы; 

2) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы; 

3) басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) және кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау); 

4) жер учаскесінің меншік иесі мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) және уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттарындағы міндетті талап болып табылады. 

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться