< Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы

Ст. 39 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
39-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функциялары

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларына: 

1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу; 

2) арнайы экономикалық аймақтың басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын қатысушыларына және қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға), кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға), уақытша пайдалануға (жалға) немесе уақытша кейінгі пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) беру; 

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының пайдасына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару; 

4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу және бұзу; 

5) уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде ұсыну; 

6) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларын және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды тарту; 

7) инфрақұрылым объектілерін салу және арнайы экономикалық аймақтардың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту; 

8) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру; 

9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру; 

10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу; 

11) арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу; 

12) арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізу; 

13) арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру; 

14) арнайы экономикалық аймақта өнеркәсіптік-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту; 

15) арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен "бір терезе" қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасасу мен жұмыс жүргізу және осы қағидатты іске асыру шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мемлекеттік органдармен және өзге көрсетілетін қызметтерді алған кезде өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының мүдделерін білдіру; 

16) коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу; 

18) бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және өзге де жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша қызметтер көрсету; 

19) арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға осындай көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

20) арнайы экономикалық аймақтың аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; 

21) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға консалтингтік және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

22) арнайы экономикалық аймақтың аумағында тұрғызылатын инфрақұрылым және кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функциялар жатады. 

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться