Ст. 37 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
37-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құзыреті
Бірыңғай үйлестіру орталығының құзыретіне: 1) мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қатысушыларымен (акционерлерімен), басқарушы компанияларымен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен осындай қатысушылар мен тұлғаларды тіркеу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының мемлекетке тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) сенімгерлік басқару;
4) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу;
5) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу;
6) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру;
7) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу;
8) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар және бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;
9) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;
10) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының даму стратегиясында көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуін мониторингтеу;
11) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету бойынша қызметтер көрсету, оның ішінде:
басқару, ішкі бизнес-процестер моделі мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына ендіру;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың даму стратегиясын, арнайы экономикалық аймақтар үшін жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу (бюджетті жасау және шоғырландыру) бойынша ұсынымдарды (ұсыныстарды) тұжырымдау;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметкерлерін оқыту;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына консультация беру;
нысаналы маркетинг жүргізу;
жобаларға талдау жүргізу;
отандық арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды халықаралық нарықта ілгерілетуді қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;
12) уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету жатады.
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей