Ст. 9-2 Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы
9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: 1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
7) жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз етеді.
2. Астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алады.
Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 362-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей