< Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Ст. 17 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сақтандырушы:  

1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес осындай шартқа енгiзу үшiн қажетті мәлiметтер ұсынуды талап етуге; 

2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiн негізге ала отырып, сақтандыру жағдайының басталу (көлік оқиғасының жасалу) фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға; 

3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;  

4) Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;  

6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы. 

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.  

2. Сақтандырушы:  

1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен, оның ішінде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстыруға; 

2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн ресімдеуге; 

3) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 

4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;  

5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде жасалған көлік оқиғасы туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы көлік оқиғасы бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға; 

5-1) жәбiрленушiнiң немесе жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлғаның жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде, сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы туралы мәліметтерді (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) жазбаша ұсынуға; 

6) осы Заңда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен, сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініші бойынша мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне есептеу жүргізуге және зиянның мөлшері туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға; 

6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға; 

7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;  

7-1) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы талаппен жазбаша нысанда өтініш жасалған кезде, осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянның өтемін жүргізуге; 

7-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындаған дауды қарауға өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге; 

7-3) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге; 

7-4) осы Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты алған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайын реттеу жөнінде шаралар қабылдауға; 

8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;  

9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.  

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 18‑1 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.



Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.



Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться