Ст. 33 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер: 1) партиялық тізімдерге енгізу жағдайларын қоспағанда, судья "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;
1-1) судья Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалса;
1-2) саяси партияға кіру ниетінің болуына байланысты судья лауазымынан босату туралы өтініш берілсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешiмi болса;
3-2) алып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
4) басқа жұмысқа ауысса;
5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.
2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты – Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты – Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттігін тоқтата тұру мәселелерін қарайды.
2-1. Судьяның өкілеттігі тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымындағы өкілеттігі тоқтатыла тұрады.
2-2. Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берген кезде оның өкілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла тұрады.
2-3. Судья Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалған кезде оның судья атағы мен судьялар қоғамдастығына жататыны сақтала отырып, өкілеттігі тоқтатыла тұрады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 82-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей