Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.  

2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.  

3. Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 

Жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады. 

3-1. Облыстық соттардың сот алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 

4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.  

5. Жергiлiктi және басқа да соттардың төрағаларын Қазақстан Республикасының Президентi Жоғары Сот Кеңесiнiң ұсынымы бойынша бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды.  

Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттардағы ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындала алмайды. 

6. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады. 

Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады. 

Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады. 

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы сот судьялары өздерінің келiсуiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкiн. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

8-1. Осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстырылған кезде судьялар өздерінің келiсімiмен басқа тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкiн. 

9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары тиісті сот судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады. 

Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады. 

Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады. 

10. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін Жоғары Сот Кеңесі қарайды. 

Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 215-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...30 30‑1 31 32 33 ...59

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться