< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Ст. 34 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату

Ескерту. 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.03.2017 № 52-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері: 

1) судьяның орнынан түсуі; 

2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы; 

3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы; 

4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі; 

5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы; 

6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы; 

7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі; 

8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы; 

9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы; 

10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы; 

11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмi; 

11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі; 

12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы. 

2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 

2-1. Осы Конституциялық заңда көзделген негіздер туындаған кезде Жоғары Сот Кеңесі Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды. 

2-2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесі уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды. 

3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм: 

1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен; 

2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады. 

4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады. 

Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 215-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады. 

5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады. 

Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...32 33 34 34‑1 35 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться