< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 104 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
104-бап. Біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс

1. Егер Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101 және 103-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, әкелінетін тауарлар әкелінген уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады. 

Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы баптың негізінде айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың коммерциялық деңгейімен бірдей деңгейде және шын мәнінде сол мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде бірақ сол мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Осы бөлікте көрсетілген ақпарат тауарларды сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) мөлшеріндегі айырмашылықтар ескерілетін құнның тиісті түзетуі жүргізіле отырып қолданылады. 

Мұндай түзету ол біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнын көбейтуге немесе азайтуға әкеп соғатынына қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігі құжатпен расталатын мәліметтер негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды. 

2. Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде, қажет болған жағдайда, осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көзделген шығыстардағы елеулі айырмашылықтарды есепке алу үшін біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнына бағаланатын және біртекті тауарларға қатысты оларды тасу (тасымалдау) арақашықтығынан және көлік түрлерінің айырмашылықтарынан туындайтын түзетулер жүргізіледі. 

3. Егер біртекті тауарлармен жасалған мәміленің біреуден артық құны айқындалса (осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулер ескеріле отырып), онда бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмені қолданылады.

Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться