< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 353 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
353-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы арқылы аяқталады. 

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін, транзит кедендік рәсімін қоспағанда, қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. 

2. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы (тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі) қайта өңдеу өнімдерін кедендік қойма немесе уақытша әкелу кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады. 

3. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорттың кедендік рәсімімен және (немесе) өзге де кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін. 

Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. 

4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп беруге міндетті. 

Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 353-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...351 352 353 354 355 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться