< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 12 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
12-бап. Кеден органдарының міндеттері мен функциялары

1. Мыналар кеден органының міндеттері болып табылады: 

1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаны қорғау; 

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін қорғауды және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау; 

4) сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасы), Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету; 

5) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындау. 

2. Кеден органдарына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттарында кеден органдары өз құзыреті шегінде: 

1) кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу; 

2) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы баждарды және өтемақы баждарын алу, олардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылау, оларды есепке жатқызу (қайтару) және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау; 

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету; 

4) тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жағдай жасау; 

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес қамтамасыз ету; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу; 

7) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету; 

8) кедендік статистиканы жүргізу; 

9) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;  

10) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;  

11) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін жеңілдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау; 

12) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпинге қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау; 

13) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;  

14) кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;  

15) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар өткізілетін өзге орындарда радиациялық бақылау жүргізу; 

16) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу; 

17) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарлар өткізілетін өзге де орындарда көліктік бақылау жүргізу; 

18) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

19) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу; 

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру; 

20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды сыныптауды жүзеге асыру; 

21) кеден органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және жүргізу функцияларын; 

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды. 

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться