< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 252 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
252-бап. Шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыру

1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жоспарланатын шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа сәйкес, өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша осындай шетелдік тауарларға сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларымен (бұдан әрі осы бапта – балама тауарлар) ауыстыруға кеден органының рұқсатымен жол беріледі. 

Экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлардың құрамына кіретін бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды ақаулы түрде жөндеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, өздерінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген осындай бөлшектерге, тораптарға, агрегаттарға сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары олардың ақаусыз болу және (немесе) тозу жай-күйі ескерілмей, балама тауарлар ретінде қаралады. 

2. Балама тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдері осы тараудың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады. 

3. Балама тауарлар – шетелдік тауарлар мәртебесіне, ал олармен ауыстырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады. 

4. Егер шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін жол беріледі. 

Егер кеден органы шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат берсе, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік тауарларды әкелгенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылады. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады. 

5. Шетелдік тауарлар балама тауарлардың сипатына, сапасына, санына және техникалық сипаттамаларына сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осындай ауыстырудың міндетті шарты болып табылады. 

6. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдері кері экспорт кедендік рәсімімен, ал әкелінетін шетелдік тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен әкетіледі. 

7. Шетелдік тауарларды әкелу кезінде кеден органы сапасын, санын және техникалық сипаттамаларын балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерімен салыстыруды жүргізеді.
Статья 1 ...250 251 252 253 254 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться