< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 414 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
414-бап. Жеке кедендік жете тексеру

1. Жеке кедендік жете тексеру жеке тұлғаларға жете тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады. 

2. Жеке кедендік жете тексеру Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін және кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды өзінде жасырып тұр және ерікті түрде бермей тұр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, осындай тұлғаларға қатысты ғана жүргізілуі мүмкін. 

3. Жеке кедендік жете тексеру осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, өзі жасырып тұрған тауарларын анықтау мақсатында жүргізіледі және кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады. 

4. Жеке кедендік жете тексеру кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша немесе кеден органы бөлімшесі (кеден бекеті, бақылау-өткізу пункті) басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы бөлімшесі басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша жүргізіледі. 

Көрсетілген шешім жазбаша нысанда ресімделеді. 

5. Жеке кедендік жете тексеруді өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілетін адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Үй-жайға осы бапта көрсетілген тұлғалардан басқа жеке тұлғалардың кіруіне және басқа жеке тұлғалардың жеке кедендік жете тексерудің жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. 

Өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның денесін зерттеп-қарауды, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізеді. 

Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз жеке тұлғаға жеке кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары не қамқоршылары) немесе оны алып жүретін адамдар қатысуға міндетті. 

6. Жеке кедендік жете тексеру басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаны жеке кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешіммен және мұндай жеке кедендік жете тексеруді жүргізу кезіндегі оның құқықтарымен таныстыруға, сондай-ақ оған Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды өз еркімен беруін ұсынуға міндетті. 

Жеке тұлғаның жеке кедендік жете тексеру жүргізу туралы шешіммен танысу фактісін осы жеке тұлға мұндай жеке кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешімге тиісті жазба жасау арқылы куәландырады. Жеке тұлға мұндай жазба жасаудан бас тартқан жағдайда, жеке кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешімге осындай жеке кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органының уәкілетті лауазымды адамының және жеке кедендік жете тексеру жүргізу кезінде қатысатын куәгерлердің қолдарымен куәландырылатын тиісті белгі қойылады. 

7. Жеке кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде кеден органы лауазымды адамының әрекеттері өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуге және осы жеке тұлғаның денсаулығына зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс. 

8. Өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның: 

1) жеке кедендік жете тексеруді жүргізу басталғанға дейін жеке кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешіммен және оны жүргізу тәртібімен танысуға; 

2) өз құқықтарымен және міндеттерімен танысуға; 

3) түсініктемелер беруге және өтінішхаттарды мәлімдеуге; 

4) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, өзі жасырып отырған тауарларды өз еркімен беруге; 

5) жеке кедендік жете тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке кедендік жете тексеруді жүргізу актісіне міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға; 

6) ана тілін және аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға; 

7) жеке кедендік жете тексеруді жүргізу туралы акт жасалып болған соң онымен танысуға және оған жазбаша нысанда мәлімдемелер жасауға; 

8) жеке кедендік жете тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағым жасауға құқығы бар. 

9. Жеке кедендік жете тексеруді жүргізу барысында өзіне қатысты осы тексеру жүргізілетін жеке тұлға және оның заңды өкілі жеке кедендік жете тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға міндетті. 

10. Жеке кедендік жете тексеруді жүргізу нәтижелері нысанын Комиссия айқындайтын жеке кедендік жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.  

Көрсетілген акт жеке кедендік жете тексеруді жүргізу барысында не ол аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде жасалуға тиіс. 

11. Жеке кедендік жете тексеру актісіне жеке кедендік жете тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілген жеке тұлға немесе оның заңды өкілі немесе онымен бірге жүретін адам, куәгерлер, ал өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілген жеке тұлғаның денесін зерттеп-қарау жүргізілген кезде – медицина қызметкері де қолдарын қояды. 

12. Жеке кедендік жете тексеру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі өзіне қатысты жеке кедендік жете тексеру жүргізілген жеке тұлғаға, оның заңды өкіліне немесе онымен бірге жүретін адамға ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі.
Статья 1 ...412 413 414 415 416 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться