< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 461 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.01.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
461-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу тәртібі

1. Уәкілетті орган авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын (бұдан әрі – зияткерлік меншік объектілері) кедендік тізілімге енгізуді құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырады.  

2. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтары бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау туралы өтінішті уәкілетті органға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуға құқылы. 

3. Өтініште мынадай мәліметтер:  

1) құқық иеленуші туралы, ал егер өтінішті құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға берген жағдайда, сондай-ақ осындай тұлға туралы мәліметтер; 

2) тиісті зияткерлік меншік объектілері туралы, құқық иеленушіге оның құқықтарын қорғауда кеден органдарының жәрдемдесуі қажет болатын мерзім туралы, оның ішінде электрондық түрде ақпарат, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты белгі деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, кеден органдарына зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн, құқық иеленушінің тауарлар туралы егжей-тегжейлі мәліметтері;  

3) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) құқық иеленуші зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға келісім берген адамдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

4. Электрондық түрдегі өтінішке: 

зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар (куәлік немесе құқық беру туралы, оның ішінде лицензиялық шарт не Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме немесе халықаралық тіркеу бойынша тауар белгісінің құқықтық мәртебесі туралы анықтама (үзінді көшірме) немесе құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар); 

құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат; 

зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің бейнелері; 

зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін, оларға қатысты олардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған болып табылатын тауарлар деген болжам жасалған – егер тауарлардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарлар болып табылмайтыны анықталса, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның декларантқа және өзге тұлғаларға мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі,  

сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі. 

Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.  

4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді. 

5. Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың үлгілерін де өтінішке қоса беруге құқылы. 

6. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қарайды және зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды. 

Уәкілетті орган құқық иеленуші немесе оның өкілі ұсынған құжаттар мен мәлiметтердiң анықтығын тексеру мақсатында үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдарынан құқық иеленуші немесе оның өкілі ұсынған құжаттарды және (немесе) мәлiметтердi растайтын құжаттарды және (немесе) мәлiметтердi сұратуға құқылы. Аталған тұлғалар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзі сұратқан құжаттарды ұсынуға мiндетті.  

Көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартады, бірақ жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады. 

Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады. 

Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 

Уәкілетті органның зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізуден бас тарту туралы шешімі құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған кезде, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің сипаттамалары мен бейнелері ұсынылмаған кезде қабылданады. 

Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға уәкілетті органның тиісті шешімі туралы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етіледі.  

8. Зияткерлік меншік объектілері кедендік тізілімге енгізілгеннен кейін, бұрын берілген өтініште не оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгертілген жағдайларда құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға бұл туралы уәкілетті органға мәліметтер өзгертілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.  

Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға ұсынған ақпараттың негізінде уәкілетті орган өзгертілген мәліметтерді кедендік тізілімге кейіннен құқық иеленушіге немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаға енгізілген өзгерістер туралы хабарламаны жазбаша немесе электрондық нысанда жібере отырып енгізеді. 

Ескерту. 461-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...459 460 461 462 463 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Обратитесь к классному руководителю и школьному психологу, опишите им проблему возможно им удастся разрешить ситуацию. Также к каждой школе прикреплен школьный инспектор, если его нет обратитесь в Управление внутренних дел своего района, адрес вам подскажет участковый в пункте полиции вашего района. Если вы несовершеннолетний с вами должен быть законный представитель, кто то из совершеннолетних родственников. Родители несут ответственность за своего ребенка, это их прямая обязанность. Позвоните по телефону доверия +7 (7172) 74-25-28 , это номер комитета по охране прав детей, обязательно расскажите о своей проблеме, вы подвергаетесь буллингу вам обязательно помогут.



Я оформил земельный участок, это не понравилось одному гражданину который мешал мне производить работы по загорождению и посмел сказать в присутствии полиции и свидетелей что я якобы толкаю его на преступление, назвал меня дебилом и чушкой, также сказал что не хватает духу выйти на разборки. Я ему сказал чтоб он не ездил по этому участку. Через два дня он проехал на автомобиле по участку где я натянул веревки и установил колышки обозначающие границы участка которые определили геодезисты. После я преградил ему путь на своем транспортном средстве находясь на своем земельном участке и в тот момент когда он вышел из машины и подошел к окну моей машины он начал громко говорить чтобы я уехал а я в свою очередь использовал перцовый баллончик и попал ему в глаза.

Мои жалобы на поступившую ко мне угрозу никто не может квалифицировать как реальную, конфликт с данным гражданином на фоне неразделенной земли на момент применения баллончика был больше 60 дней, он часто(3 раза) приходил и указывал мне что это не моя земля в грубой форме и вел себя дерзко. Теперь мне вменяют легкий вред здоровью, выводы эксперта основывались на справке с больницы дежурного врача который не является врачом-офтальмологом и поставил предварительный диагноз «химический ожог сетчатки обеих глаз», к лечащему врачу и окулисту этот гражданин не обращался.

Могу ли я ходатайствовать о переквалификации данного уголовного дела из статьи 109-1 в необходимую оборону?

Я действительно воспринял слова этого гражданина как угрозу но его слова не квалифицируют как угрозу в полиции.



Здравствуйте, одноклассники обсуждают за моей спиной и пишут плохое обо мне, что делать? Родители не хотят ничего делать



Сәлеметсіздерме. Ұлыма апайы ұрсыпты сабақ үстінде, бала ашуланып өз өзін боқтапты, апайы мені боқтады деп үстінен арыз жазды. Айыппұл салынып отыр маған, бұл заңда автоматты түрде айыппұл салынады дейді, 1ші рет болған жағдай бұл, неге ескерту беріп, балаға заңды неге түсіндірмейді, 6сынып оқитын бала не біледі заң туралы, мектепте құқық сабағын ертеден бастауы керек деп ойлаймын, оқушы сонда біліп жүреді,мен тәрбие беріп жатырмын, анау болмайды, мынау болмайды деп, бірақ мектепте де тәрбие сабағын өту керек!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться