Ст. 12 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
12-бап. Қашықтан бақылау
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – бақылау органдары) қашықтан бақылауды жылу энергиясын өндірудің, берудің, өткізудің және тұтынудың қауіпсіздігіне, сенімділігі мен сапасына әсер ететін Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау арқылы тұрақты негізде жүргізеді. 2. Бақылау органдары қашықтан бақылауды осы баптың 1-тармағына сәйкес бұзушылықтарға жол берген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты, бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау және ақпараттық жүйелердің, бақылау субъектілері (объектілері) ұсынған есептіліктің, ашық дереккөздердің, бұқаралық ақпарат құралдарының деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүргізеді.
3. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды жасалады және бақылау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын уәкілетті орган бекітеді.
4. Бақылау органдары қашықтан бақылау жүргізу шеңберінде:
1) бақылау субъектілерінен (объектілерінен) және олардың лауазымды адамдарынан жазбаша нысанда мәліметтер мен құжаттарды не олардың көшірмелерін сұратуға;
2) қашықтан бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпаратты алу мақсатында бақылау субъектісінің басшысын не оның уәкілетті адамын шақыртуға құқылы.
5. Бақылау субъектілері (объектілері) бақылау органдарының сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды бақылау органдары белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
6. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды екі данада жасалады. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының бір данасы бақылау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі, екінші данасы бақылау органында қалады.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – қорытындыға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
7. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.
Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат береді.
Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
8. Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қашықтан бақылауды жүргізген және қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны жіберген бақылау органына ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісі қарсылықта бақылау органына жіберілетін ескертулерді және (немесе) дәлелдерді баяндауға міндетті.
Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органы қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді және (немесе) дәлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау немесе уәжді негіздемемен одан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
9. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау осы Заңға сәйкес бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей