< Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы

Ст. 40 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
40-бап. Теңiз портының капитаны

1. Теңiз портының капитаны порттың теңiз әкiмшiлiгiн басқарады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 

2. Теңіз порты капитанының лауазымына кеме жүргізу мамандығы бойынша жоғары білімі (кеме жүргізуші дипломы) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. 

3. Порт капитанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. 

4. Теңiз портының капитаны өз құзыретi шегiнде: 

1) порттағы барлық кемелерге, жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi өкiмдер шығаруға, соның ішінде порттың айдынында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға; 

2) портта тұрған кеменi порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқару iсiне қатыстыру үшiн тартуға; 

3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға; 

4) кемелердiң мiндеттi түрде лоцмандық алып өтiлуiн белгiлеуге; 

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда кеменi қарап тексеруге; 

6) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi жасайтын кемшiлiктердiң жойылуын тексеру мақсатында кемеге бақылаушылық тексеру жүргiзуге; 

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеменiң портқа кiруi мен одан шығуы туралы шешiмдер қабылдауға; 

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы. 

5. Теңiз портының капитаны: 

1) теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды және қадағалауды жүзеге асыруға; 

2) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге; 

3) осы Заңда белгiленген жағдайларда кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруден бас тартуға; 

4) суға батқан мүлiктi аластау үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға; 

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.  

Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...38 39 40 41 41‑1 ...248
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться