Ст. 41 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284
Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Ескерту. 41-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Теңiзге шығатын кемелерге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезiнде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы:
1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;
2) кеменiң негiзгi сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуiн;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.02.2025 № 164-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 10.02.2025 № 164-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме алты айда бір реттен жиілетпей міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi қарап-тексереді.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме:
1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген;
2) порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай өткен;
3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, теңіз портына жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған;
4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған;
5) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған;
6) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін Қазақстан Республикасы танымаған ұйым берген;
7) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған;
8) Кеме қатынасының тіркелімінен немесе шетелдік сыныптау қоғамынан кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайтыны туралы жазбаша ақпарат болған;
9) кеменің алдыңғы кіру портында ұсталғандығы туралы ақпарат болған;
10) уәкілетті органнан кеменің адам өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы туралы ақпарат болған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады.
Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.
Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді. Нұсқама екі данада жасалады, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі.
4. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi болатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңiз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргізеді.
Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады.
Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей