< Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Ст. 25 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
25-бап. Көлiктiк бақылау және қадағалау

Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология жөнiндегi талаптардың сақталуына көлiктiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын көлiктiк бақылау:

1) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiнiң сақталуын бақылауды;

1-1) мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалдарының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімді болуының қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлардың жасалуын бақылауды;

2) темiр жол көлiгiндегi, оның iшiнде магистральдық, стансалық және кiре берiс темiр жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгінiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;

3) темiр жол қозғалыс құрамының мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;

4) кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;

4-1 жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;

5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының сақталуын бақылауды;

6) рұқсаттық бақылауды;

7) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;

10) техникалық пайдалану ережелерi мен кемелердегi қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;

11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;

12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;

13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiн бақылауды;

15) автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауын бақылауды;

16) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етiлген параметрлерiнiң сақталуын бақылауды қамтиды.

17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киім (погонсыз) киiп, талап ету бойынша қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге тиiс.

Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

Уәкiлеттi мемлекеттiк орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi;

18) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
19) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
20) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
21) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
22) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
23) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;

25) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28) жеке және заңды тұлғалардың темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды;

29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
30) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.

Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұрады.

Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін және қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24‑1 24‑2 25 25‑1 25‑2 26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться