< Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

Ст. 12 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзіне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. 

Уәкілетті банк айырбастау пункті қызметінің басталғаны туралы хабардар етуді айырбастау пункті операцияларды жүргізуді бастаған күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке хабарламаны алғанын растайды. 

2. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның және уәкілетті ұйымның әрбір айырбастау пунктіне берілетін лицензияға қосымшаның негізінде қызметін жүзеге асырады. 

Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды өзінің айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыруға құқылы. 

Уәкілетті ұйымның басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына жол берілмейді. 

3. Уәкілетті ұйымдарға құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына олардың салымдарының шығу көздерін ашып көрсетуді, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ айырбастау пункттерінің үй-жайына, жабдығына және персоналына қойылатын талаптарды қамтитын біліктілік талаптары қойылады.  

4. Уәкілетті ұйымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алу үшін айырбастау пунктін орналастыруға арналған үй-жайдың болуы міндетті. 

Уәкілетті ұйымдар лицензияны және (немесе) оған қосымшаны алу үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетел валютасындағы шотының бар екені туралы уәкілетті банктің анықтамасын ұсынады. 

Құжаттар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда және тәртіппен ұсынылады. 

5. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беру немесе лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беруден бас тарту уәкілетті ұйым осы Заңда және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Жарамды лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу немесе осындай құжаттарды беруден бас тарту уәкілетті ұйым осы Заңда және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тартылған кезде өтініш берушіге уәжді жауап беріледі. 

6. Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін: 

1) осы Заңда және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау; 

2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің осы Заңда және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады. 

7. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, оларды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ету тәртібі, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ есептердің нысандары және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың оларды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОНИТОРИНГТЕУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕГІ ШОТТАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться