Ст. 10 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату
1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауға байланысты резиденттер мен бейрезиденттер қатынастарының жиынтығы ретінде айқындалады.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында және шетелде сатуға және (немесе) сатып алуға құқылы.
3. Заңды тұлғалар және шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) (уәкілетті банктерді қоспағанда) Қазақстан Республикасында шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алуды және (немесе) сатуды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті ұйымдар уәкілетті банктермен жасасқан шарттар негізінде өз қызметінің мақсаттары үшін олармен қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
4. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуы және (немесе) сатуы тек қана айырбастау пункттері арқылы жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат ұсынады.
Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөніндегі ақпаратты уәкілетті банктердің ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуын растау бойынша резидент – заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптар, сондай-ақ одан асып кеткен кезде осы талаптар қолданылатын сатып алу сомасы үшін шекті мән айқындалады.
7. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей