Ст. 201-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
201-1-бап. Жүктелген медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек
1. Жүктелген медициналық сақтандыру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге арналған, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалған талаптарда медициналық көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік беретін медициналық сақтандыру түрі болып табылады. 2. Жүктелген медициналық сақтандырудың үлгі шартында айқындалған сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді алу қажеттілігіне байланысты сақтандырылған адамның мүліктік мүддесі жүктелген медициналық сақтандыру объектісі болып табылады.
3. Сақтандырылған адамның медициналық ұйымдарға жүгіну қажеттілігіне алып келген денсаулық жағдайының нашарлау ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
4. Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайының нашарлауы және медициналық ұйымда соған байланысты медициналық көмек:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
2) шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек алуы жүктелген медициналық сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайы болып табылады.
Жүктелген медициналық сақтандыру кезіндегі медициналық көмектің ең аз тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
5. Жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері тараптар келісімінің талаптарында айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде айқындалатын мөлшерден кем болмауға тиіс:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету үшін – кемінде елу айлық есептік көрсеткіш;
2) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін – кемінде бір жүз айлық есептік көрсеткіш.
6. Жүктелген медициналық сақтандырудың өзге де талаптары жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалады және белгіленеді.
Ескерту. Кодекс 201-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы



Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей