Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 201-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
201-1-бап. Жүктелген медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек

1. Жүктелген медициналық сақтандыру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге арналған, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалған талаптарда медициналық көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік беретін медициналық сақтандыру түрі болып табылады. 

2. Жүктелген медициналық сақтандырудың үлгі шартында айқындалған сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді алу қажеттілігіне байланысты сақтандырылған адамның мүліктік мүддесі жүктелген медициналық сақтандыру объектісі болып табылады. 

3. Сақтандырылған адамның медициналық ұйымдарға жүгіну қажеттілігіне алып келген денсаулық жағдайының нашарлау ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады. 

4. Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайының нашарлауы және медициналық ұйымда соған байланысты медициналық көмек: 

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек; 

2) шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек алуы жүктелген медициналық сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайы болып табылады. 

Жүктелген медициналық сақтандыру кезіндегі медициналық көмектің ең аз тізбесін уәкілетті орган айқындайды. 

5. Жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері тараптар келісімінің талаптарында айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде айқындалатын мөлшерден кем болмауға тиіс: 

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету үшін – кемінде елу айлық есептік көрсеткіш; 

2) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін – кемінде бір жүз айлық есептік көрсеткіш. 

6. Жүктелген медициналық сақтандырудың өзге де талаптары жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалады және белгіленеді. 

Ескерту. Кодекс 201-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...200 201 201‑1 202 203 ...276

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться