Ст. 41-1 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143
Астық туралы
41-1-бап. Астық кепілі кезінде құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Астық қолхатын ұстаушы кредитор алдындағы міндеттеме мөлшеріндегі борышты өтеген кезде кепіл ұстаушы ауыртпалықты (кепілді) алып тастауға арналған бұйрықты тізілімде тіркеуге міндетті. 2. Астық қолхаты бойынша астық кепілімен қамтамасыз етілген мiндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кепiл ұстаушы астықты өндiрiп алуға өтініш жасауға құқылы.
Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. № 488; жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату
1. Кепiл ұстаушы астық кепiлімен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сатуға және кепiл берушiнің басқа кредиторлары алдындағы өзiнiң талаптарын басымдықта жабуға құқылы.
Кепiл ұстаушының талабын кепiлге салынған астықтың құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты мәжбүрлеп соттан тыс тәртiппен сату арқылы жүргiзiледi.
Кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепіл берушiге кепiл туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында және бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннен кейін өткізіледі.
2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткiзуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;
3) үшінші кезекте кепіл ұстаушының талаптары қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте астықты сатудан қалған сома астық қолхатын ұстаушыға қайтарылады.
3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
Ескерту. 41-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.10.13 № 488; өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей