< Темiр жол көлiгi туралы

Ст. 88-7 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Темiр жол көлiгi туралы
88-7-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексерудің жалпы ережелері

1. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар темiржол көлiгiндегі жол жүрісі қауiпсiздiгiн бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртiппен мiндеттi тергеп-тексеруге жатады. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарға апаттар, авариялар, оқиғалар және оқыс оқиғалар жатады. 

2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықты болашақта болғызбау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.  

3. Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Осы комиссияның құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді. 

Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген жағдайларды қоспағанда, оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тасымалдау процесіне қатысушылар тергеп-тексереді. 

4. Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі. 

5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, оның ішінде олармен байланысты барлық аспектілерді жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғалар, сондай-ақ апаттар мен авариялар болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді. 

6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімділікпен оқудан өтеді. 

7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы беруге міндетті. 

8. Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлерінен бөлек жүргізеді. 

9. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде, тергеп-тексеру жүргізу кезінде жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді. 

Ескерту. 88-7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...88‑5 88‑6 88‑7 88‑8 89 ...97
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться