< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 281 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу

1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау – 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын: 

1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу; 

2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру; 

3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық - 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын: 

1) этилдендiрiлген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнiмдерiнің айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы; 

2) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі; 

4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау; 

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа); 

6) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу; 

7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы; 

8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі; 

9) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) мұнай өндiрушiлерден, берушiлерден, импорттаушылардан мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкілікті емес тұтынушыларға мұнай өнімдерін өткізуі түрінде жасалған бұзушылық – 

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, құрамында металл бар қосындыларды (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин және дизель отынын өндіру –  

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Авариялық жағдайды шұғыл түрде болғызбау қажет болған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспей, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату –  

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынбау және (немесе) оны сақтамау – 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

10. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін орындамау –  

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 281-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 27.12.2017 № 126-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...280 280‑1 281 282 283 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться