< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 339 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы

1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың: 

1) жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде – функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан; 

2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан; 

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару туралы хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 339-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...337 338 339 340 341 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться