< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 697 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326, 327-1, 327-2 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 329, 330, 331 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 332, 333, 334, 336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 344-1, 344-2, 346, 347, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 

3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға; 

5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемесі сомасынан, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде келтірілген залал сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы. 

Ескерту. 697-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...695 696 697 698 698‑1 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться