< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 788 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
788-бап. Әкiмшiлiк ұстап алудың тәртiбi

1. Әкiмшiлiк ұстап алу жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты (минутына дейінгі дәлдікпен) және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; ұстап алынған адамның жеке басы туралы мәлiметтер; ұстап алынған уақыты, орны және оның негiздерi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұстап алынған тұлға қол қояды. Ұстап алынған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде хаттамада жазба жазылады. Ұстап алу туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамға тапсырылады. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнуi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi. 

3. Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап алу туралы ұстап алынған адам олардың құзыреттері шегінде әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім және әскери полиция органдары дереу хабардар етіледі. 

4. Ұстап алынған адамға осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл жөнінде әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады. 

5. Ұстап алынған адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудегі елеулі бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 

6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұстап алынған адам оны ұстап алуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатылуға жатады. 

7. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдар арнайы бөлiнген, санитариялық талаптарға сай келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгi болмайтын үй-жайларда ұсталады. 

8. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау жағдайларын, осындай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары айқындайды. 

9. Өздеріне қатысты әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады. 

Ескерту. 788-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...786 787 788 789 790 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.



Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.



Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться