Ст. 27-2 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiн жобалау адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн құрылыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. 2. Құрылысжайларды жобалау кезінде терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өмiрлiк циклдiң барлық сатыларындағы, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде көзделетiн бұзушылықтар және рұқсат етiлмейтiн құрылыс кезiндегi адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетiн барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендiрiлуге және ескерiлуге тиiс.
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде құрылыс салушы терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуін ескере отырып, жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және ғимарат құрылысын жүргiзудiң түрлi сатыларында олардың орындалуына бақылау мен қадағалау жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектiлерден белгiленген нормаларға сәйкес қажеттi арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиiс.
5. Тапсырыс берушiлер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердiгерлiгiнiң шартын жасасу кезiнде онда техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиiс.
6. Қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушi және мердiгер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiру мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi.
7. Ғимараттарды жобалау және салу кезiнде мынадай құбылыстарға:
1) ғимараттың тұтастай немесе оның бiр бөлiгiнiң опырылып құлауына;
2) жол берiлмейтiн шамада бүлiнуiне;
3) көтергiш элементтердiң айтарлықтай бүлiнуi салдарынан құрылыстың басқа бөлiктерiнiң немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;
4) бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелердi есепке алу қажет.
8. Өрт болған жағдайда ғимараттар:
1) белгiлi бiр мерзiм iшiнде көтергiш элементтердiң берiктiгi қамтамасыз етiлетiндей;
2) ғимарат iшiнде өрт пен түтiннiң пайда болуын және таралуын шектейтiндей;
3) адамдарды, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын авариялық шығу жолдары арқылы дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей;
4) құтқарушы топтар жану ошақтарына қауiпсiз кiре алатындай етiп жобалануға және салынуға тиiс.
9. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшiн, атап айтқанда:
1) уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлiнуi;
2) ауада қауiптi бөлшектердiң немесе газдардың болуы;
3) қауiптi радиацияның сәуле шығаруы;
4) судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;
5) судың, түтiннiң немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлiнуi арқылы бұзылуы;
6) ғимарат бөлiктерiнде немесе ғимараттың iшкi беттерiнде ылғалдың болуы салдарынан қауiп төндiрмейтiндей болып жобалануға және салынуға тиiс.
10. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелiн тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиiс.
11. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмiрi мен денсаулығы үшiн жол беруге болмайтын тәуекелдi болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиiс.
12. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажеттi энергияны тұтыну жергiлiктi климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бiрақ адам денсаулығына зиян келтiрiлмейтiндей етiп жобалануға және салынуға тиiс.
Ескерту. 27-2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей