< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Ст. 75-1 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі

1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде: 

1) объектінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне – объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін; 

2) объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары, сәйкестік туралы декларация және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді. 

2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді. 

Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды. 

Сәйкессіздік болмаған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды. 

3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді. 

Бұзушылықтар анықталған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады. 

Бұзушылықтар болмаған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды. 

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет және қала құрылысы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі. 

Ескерту. 11-тарау 75-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...74 75 75‑1 76 77 ...79
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день.

Прошу очень срочно! Обязан ли банк уведомлять УГД о закрытии счета физ.лица, открытого до регистрации клиента в органах РК/УГД в качестве Индивидуального предпринимателя?



Здравствуйте, 2 учителя, один принят на работу с середины декабря 2023 года, второй с февраля 2024 года, отпуск и лечебное пособие оплачивается? Спасибо!



В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться