< Аудиторлық қызмет туралы

Ст. 21 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Аудиторлық қызмет туралы
21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Аудиторлық ұйымдар:

      1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;

      2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;

      2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;

      2-2) өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн ішкі саясат пен рәсімдер, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, корпоративтік басқару жүйесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша қажеттi құжаттаманы сұратуға және тексеруге;

      3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;

      4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;

      5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге;

      6) прокуратура, қылмыстық қудалау органдарына және сотқа қорытындылар беруге құқылы.

      2. Аудиторлық ұйымдар:

      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

      2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне, уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;

      3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;

      4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;

      6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;

      7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;

      8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;

      9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;

      9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;

      9-2) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;

      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;

      11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

      3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...30
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться