< Автомобиль көлiгi туралы

Ст. 37 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Автомобиль көлiгi туралы
37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау

1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады. 

1-1. Алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-2. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады. 

2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi.  

Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.  

3. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi. 

4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады. 

5. Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiкті халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар береді. 

6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті. 

7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында: 

1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбі; 

2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар; 

3) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар; 

4) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұру тәртібі; 

5) 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру тәртібі; 

6) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру тәртібі айқындалады. 

8. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті уәкілетті орган міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы негізінде береді. 

Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының қолданыс мерзіміне беріледі. 

Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...35 36 37 38 38‑1 ...55
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться