Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 38 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Автомобиль көлiгi туралы
38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау

1. Автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескергенде, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген, рұқсат етілген көлемдік және салмақтық параметрлерден асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады. 

2. Бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдау жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдерінен габариттері және (немесе) массасы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша асып түсетін жүгі бар отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне жол берілмейді. 

2-1. Техникалық жол берілетін ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді қамтамасыз етуге міндетті. 

3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ескерту. Автокөлік құралдарының меншік иелері, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында автокөлік құралдарын иеленетін тұлғалар, сондай-ақ автокөлік құралын экипажымен қоса жалдау шарты бойынша беру жағдайларын қоспағанда, автокөлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар; егер автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен халықаралық тасымалдарды жүзеге асырса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар осы баптың 2-1-тармағындағы автокөлік құралдарының иелері деп танылады. 

Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...36 37 38 38‑1 39 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться