< Ақпараттандыру туралы

Ст. 61 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
61-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты және басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады. 

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады. 

3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары: 

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік базасында дамыту; 

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тапсырыстар алу кезіндегі отандық заңды тұлғалардың басымдығы; 

3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін және техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру; 

4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының құрылымын дамыту; 

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығында адал бәсекелестікті қолдау. 

4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген шаралардан басқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөніндегі шаралар мыналар: 

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің нормативтік-әдіснамалық базасын қалыптастыру және дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру; 

2) алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыру; 

4) алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды венчурлық және өзге де бюджеттен тыс өтеулі қаржыландыру үшін жағдайлар жасау; 

6) алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен құру болып табылады. 

Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...67
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться