Ст. 58 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ
Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
58-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіреді, Мемлекеттік шекара режимі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысады;
2) Мемлекеттік шекараның сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
4) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі туралы, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекараны межелеуді, шегендеуді немесе қайта шегендеуді жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар етеді;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Мемлекеттік шекара режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешедi;
6) дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асырады;
7) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асырады;
8) Мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей