< Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы

Ст. 37 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi

1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ипотека Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 322-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Жылжымайтын мүлік ипотекасын негізгі міндеттемені орындауға, ипотека мәніне айыпақы өндіріп алуға және өзге де негіздерге байланысты тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары борышкер – жеке тұлғада өндіріп алу қолданылуы мүмкін, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен асатын өзге де мүлік немесе кіріс болмаған кезде, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде және сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану күніне жеке тұлғаға тиесілі және негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.

3. Кепіл беруші ипотекалық шарт жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз еткен жылжымайтын мүлiкті кепіл ұстаушымен келісілген бағадан төмен емес бағамен осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен дербес өткізген жағдайда, ипотеканың тоқтатылуымен бір мезгілде негiзгi мiндеттеме тоқтатылады.

Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 427, 2007.07.26 N 311; 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...35 36 37 38
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, 2 учителя, один принят на работу с середины декабря 2023 года, второй с февраля 2024 года, отпуск и лечебное пособие оплачивается? Спасибо!



В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться