Ст. 11 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзімдері
1. Атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзімдерде: 1) сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқарушылық парақтар, - үш жыл ішінде;
1-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары – үш жыл ішінде;
2) төреліктің шешімдерін, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары – үш жыл ішінде;
3) соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іc бойынша шығарған қаулылары - егер заңда өзге мерзімдер белгіленбесе, бір жыл ішінде;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қаулылары, - бір жыл ішінде;
4-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы бұйрықтары – сот бұйрық шығарған күннен бастап бір жыл ішінде;
5) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лаузымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар – бір жыл ішінде;
6-1) атқарушылық жазбалар – үш жыл ішінде берілуі мүмкін.
7) мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулылары – үш жыл ішінде;
8) сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келген шығыстарды өтеу туралы қаулылары – үш жыл ішінде;
9) жеке сот орындаушысының өз қызметіне төленетін ақы сомаларын бекіту туралы қаулылары – үш жыл ішінде;
10) соттың қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылары – бір жыл ішінде;
11) қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін:
қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде;
онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде;
ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде;
ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он жыл ішінде;
аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он бес жыл ішінде орындауға ұсынылуы мүмкін;
12) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама – үш жыл ішінде;
13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары үш жыл ішінде ұсынылуы мүмкін.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттарды, дереу орындалуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 470-бабының үшінші бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабы екінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес шығарылған атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін немесе өзге органдар мен уәкілетті тұлғалар осы құжаттарды шығарған, олардан үзінді көшірме берген не оларды берген кезден бастап бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.
2. Аталған мерзімдер:
1) сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтарды мүлікті өндіріп алу бөлігінде орындау кезінде - сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда - шешім шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) төреліктің шешімдерін, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде – шешім күшіне енгеннен кейінгі күннен бастап;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде, - қаулы шығарылған күннен бастап;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын орындау кезінде, - мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылданғаннан кейінгі күннен бастап;
5) қалған барлық атқарушылық құжаттар бойынша - олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
3. Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы (алименттер өндіріп алу туралы, жарақат алумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен және басқадай келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша) шешімдердің негізінде жазылған атқарушылық құжаттар төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін жоймайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей