Ст. 26-4 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V
Атом энергиясын пайдалану туралы
26-4-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шарты
1. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының бір немесе бірнеше ядролық қондырғыға қатысты келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыруды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру шартында мынадай талаптар қамтылуға тиіс:
1) ядролық нұқсан қарулы қақтығыс, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс немесе көтеріліс салдарынан туындаған, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаның пиғылы немесе өрескел абайсыздығы салдарынан толық немесе ішінара келтірілгенде осындай тұлғаға келтірілген ядролық нұқсанды өтеуді төлеу бөлігіндегі жағдайларды қоспағанда, ядролық оқыс оқиға болған жағдайда сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізу міндеті;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті не жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының залалдарды (суброгацияны) өтеу құқықтарының өтуінен бас тарту;
3) пайда алушының, сақтандырылушының, сондай-ақ сақтанушының орнына уәкілетті органның сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету құқығы;
4) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы оның басталған кезінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету міндеті.
4. Бір алаң шегінде орналастырылған ядролық қондырғылардың барлығына немесе бірнешеуіне қатысты ядролық қондырғы операторымен немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторымен жасалған, келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы ядролық қондырғылардың радиациялық қауіптілігінің неғұрлым жоғары санаты негізге алына отырып, бір ядролық қондырғы үшін айқындалады.
5. Егер ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты жеке немесе заңды тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартса немесе бұл құқықты жүзеге асыру ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының кінәсінан мүмкін болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылмайды.
Лучшие юристы
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей