Ст. 7 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы
Жедел-iздестiру қызметi туралы
7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;
б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;
б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей